Тәжікстан ЕАЭО-ға қосылу мәселесін әлі талқылап жатыр

Завки Завкизода

Тәжікстан экономикалық даму және сауда министрі Завки Завкизода Тәжікстанның Еуразия экономика одағына (ЕАЭО) қосылу мәселесін ведомствоаралық жұмыс тобы қарап жатыр деп мәлімдеді. Оның сөзін "Азия-Плюс" телеграм-арнасы келтірді.

"Жұмыс тобы ғаламдық экономиканың ахуалын, әлемдегі геосаяси жағдайдың шиеленісуі және өзге де сыртқы факторларды ескере отырып жағдайды жан-жақты талдап жатыр. Бұған қоса, одақ елдеріне ұқсас елдердің тәжірибесіне де сүйенеді, кейін қорытындысын таныстырады" деді Завки Завкизода.

Завкизоданың сөзінше, қазіргі кезде жұмыс тобы әлі ешқандай қорытынды жасамаған.

Ол осыған ұқсас мәлімдемені 2021 жылы да жасаған. Ол кезде "ЕАЭО - едәуір жас бірлестік және кез келген ел қандай да бір одаққа кірмес бұрын артықшылықтары мен кемшіліктерін бағамдайды" деп айтқан.

Бұған дейін Ресей әртүрлі мінберлерде Тәжікстанның ЕАЭО-ға қосылуға ниетті екенін мәлімдеген. Тәжікстан билігі Ресейдің үндеулерінен ашық бас тартқан жоқ, тек жалтарма жауап берумен келеді.

Еуразия экономика одағы 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресми түрде жұмыс істей бастады. Оған Ресей, Беларусь, Қазақстан, Армения мен Қырғызстан мүше. Одақ құжаттарына сәйкес, ЕАЭО аймағында тауар қозғалысы, сонымен бірге қызмет көрсету, капитал, жұмыс күші еркін айналуы керек. Тараптар бір-бірімен ақылдаса отырып бірыңғай саясат жүргізуі керек. Алайда оған мүше кейбір елдердің ресми өкілдері ЕАЭО кеңістігінде тауар мен қызмет көрсету бойынша бәсекелестік шарттары тең емес екендігіне шағымданады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстан нарығын Ресейдің азық-түлік тауары басып барады. Неге?Бензин 320 теңге бола ма? Қазақстанда жанармайға субсидия беруді тоқтату: себебі мен салдары"Ресейдің осал екенін түсінді". Орталық Азия елдері интеграция процесін бастай ала ма?Өзбекстан парламентінің вице-спикері Ташкент ЕАЭО-ға қосылмайтынын мәлімдедіСауда министрлігі: Ресейге салынған санкцияның экспорттық шектеуге қатысы жоқ